457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматы халқын жер сілкінісі туралы хабарлама шошытты

Алматылықтардың мобильді телефондарына жер сілкінісі туралы хабарламалар келді, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы халқына жер сілкінісі туралы арнайы хабарлама келіп, көбін шошытқан. Әлеуметтік желіде халық жанталаса үйден шыққандарын айтты. Тіпті, сауда ойын-сауық орталықтарынан адамдар эвакуацияланған.

Ал Төтенше жағдайлар министрлігі Mass Alert жүйесі автоматты режимде іске қосылғанын айтады.

Қала төтенше жағдайлар департаменті қызметі тұрғындарға сабыр сақтауды сұрап, "сейсмологтардан ақпарат түспегенін" мәлімдеді. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялары желісі 2025 жылғы 21 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 16:25:19-да жер сілкінісін тіркеген. Алайда Алматы қаласында жер сілкінісі сезілмеген. 

Жер сілкінісінің координаттары: 43.165 солтүстік ендігі, 76.824 шығыс бойлық. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан 9 км оңтүстік-батыста орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 7.2, MPV магнитудасы – 3.8. Есептік қарқындылығы (баллмен) – сезілмеді, – делінген хабарламада. 

Фото: скрин