457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Лабубу қуыршағына сұраныс азайып кетті

Лабубу ойыншығына қызығушылық азайғаннан Қытайдың Pop Mart компаниясы биржада құнын жоғалтты, деп хабарлайды Malim.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 


Коллекциялық ойыншықтарымен танымал өндірушінің акциялары 17 қыркүйекте 252-254 гонконг долларына дейін төмендеді. Бұл көрсеткіш 15 қыркүйектегі бағадан шамамен 2%-ға аз.

Соңғы деректерге сәйкес, компанияның нарықтық құны 339-344 млрд гонконг долларын (43-44 млрд АҚШ доллары) құрады. Ал 26 тамызда Pop Mart капитализациясы 56 млрд доллардан асып түскен болатын. Осылайша үш апта ішінде компания шамамен 13 млрд доллар жоғалтты.

Бағаның құлдырауына екі негізгі фактор әсер еткен:

- Labubu ойыншықтарына қызығушылықтың төмендеуі;
- JPMorgan болжамының өзгеруі. 15 қыркүйекте банк сарапшылары Pop Mart өніміне деген ажиотаж бәсеңдегенін мәлімдегеннен кейін, инвесторлар акцияларын жаппай сата бастады. Нәтижесінде сол күні компания қағаздары 9%-ға дейін арзандады.

Labubu ойыншығы «коробка-сюрприз» форматындағы дизайнерлік ойыншықтар сериясы. Сатып алушы қорап ішінде қандай ойыншық барын алдын ала білмейді. Бұл күтпеген әсер Labubu-дың танымал болуына ықпал етті.

Ойыншықты гонконгтық суретші Касинг Лун ойлап тапқан. Үлкен құлағы, бадырайған көзі мен үшкір тісі бар Labubu мультфильм кейіпкеріндей монстр мен сүйкімді жануардың аралас бейнесі. Ерекше стилі жасөспірімдер мен ересек коллекционерлер арасында кеңінен таралды.  

Фото: santehnika-online.ru