Оңтүстік Кореяда ұшақ апаты: 179 адамның қаза тапқаны айтылды
Ал ұшақта 181 адам болған
Оңтүстік Кореяның Муан қаласындағы әуежайда 181 жолаушысы бар жолаушылар ұшағы ұшып-қону жолағынан шығып, қоршау қабырғасымен соқтығысып, жарылып, өртеніп кетті. Yonhap агенттігінің жазуынша, қаза тапқандар әуелде 62, кейін 85 адам болған. Қазір басқа әлемдік ақпарат құралдары олардың саны 179 адамға жеткенін жазып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға таңертең 29 желтоқсан, сағат 9:07-де болған. Jeju Air әуе компаниясының ұшағы Муан халықаралық әуежайына қону кезінде ұшу жолағынан шығып, бетон қоршаумен соқтығысып, жарылып, өртке оранған.
Әзірге 62 адамның қаза тапқаны расталды, ал жапа шеккендер санының көбейіп барады. Бір жолаушы мен бір экипаж мүшесі құтқарылған.
Ұшақтағы 181 адам, оның ішінде 6 экипаж мүшесі, Бангкоктан қайтып келе жатқан.
Жолаушылардың басым бөлігі кореялық, арасында екі тай азаматы да болған. Жергілікті телеарналарда ұшақтың қону кезінде жүріс механизмдері іске қосылмай қонғаны, сырғанап барып бетон қабырғаға соққаны, содан кейін жарылғаны көрсетілді. Одан соң түгелдей жанып кеткен.
Өрт сөндірілді, құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Әуежай билігі ұшақтың қону жабдықтарының істен шығуының себебі құс соқтығысқан болуы мүмкін деген болжаммен тексеруді бастап кеткен.
Фото: Yonhap