457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Қапаландырады". Зеленский АҚШ елшілігінің шабан қимылын сынады 

Ресей әскерінің Кривой Рогқа шабуылынан 18 адам қаза тапқан

Ресей әскерінің Кривой Рогқа соққысына байланысты Владимир Зеленский АҚШ елшілігінің реакциясын сынға алды, -  деп хабарлайды Malim.kz Азаттыққа сілтеме жасап.  


“Өкінішке қарай, Америка елшілігінің реакциясы қапаландырады: сондай мықты ел, сондай мықты халық – ал реакциясы сондай әлсіз. Тіпті ракета мен өлген балалар туралы айтқан кезде “орыс” сөзін айтудан қорқады” деп жазды Украина президенті Владимир Зеленский өзінің телеграм-арнасында. 

Ресей әскері 4 сәуірде кешке Кривой Рогқа шабуылдаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ракета шабуылынан 18 адам қаза болған, 9-ы – бала. Кейін қалаға дрон шабуылы жасалып, нәтижесінде бір әйел опат болды. Қалада үш күндік қаралы күн жарияланды. 

Азаттықтың хабарлауынша, АҚШ-тың Украинадағы елшісі Бриджит Бринк X желісінде шабуылдан “жаны түршіккенін” айтып, “сол себепті соғыс аяқталуы керек” деп жазған. Бринк жазбасында Ресей сөзін қолданбаған.

Фото: Getty Images