457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ұлыбританияда ДНҚ өңдеуге қатысты даулы жобаға қаржы бөлінді

Photo: BBC News

 

Британдық Wellcome Trust медициналық ұйымы адам ДНҚ-сын жасанды жолмен құрастыруға 10 млн фунт бөлді деп хабарлайды malim.kz BBС басылымына сүйеніп.

 

Кембриджде адам ДНҚ-сына қатысты, ғылымда бұрын-соңды болмаған даулы жоба басталып кетті. Ғалымдар химиялық элементтерден адам ДНҚ-сын атом деңгейінде құрастырмақ.

 

Бұған дейін адам ДНҚ-сына байланысты зерттеулерге жазылмаған этикалық және гуманистік заңдар кедергі болып келген еді. Мысалы, адам ДНҚ-сын өңдеумен әуестену ақыр аяғы -  кісілік қасиеттері алдын ала берілген "дизайнерлік балаларды" дүниеге әкеледі деген қауіп болған. ДНҚ-сы қолдан жасалған балалардың әлемді қай бағытта өзгертетіні де көптеген этикалық, пәлсапалық айтыс-тартысқа арқау болып келді. Сондықтан, көп елде ондай зерттеулерге нақты тыйым да бар. Бұған қоса, ондай әрекет фашистік Германиядағы сапалы адам жасау жолындағы евгеника ілімін де еске түсіріп, қоғамда наразылық тудырып келген.

 

Адамды былай қойғанда, түрлі уақытта мақұлықтардың ДНҚ-сына қатысты жасалған зерттеулер де қатты сынға ұшыраған. Мысалы, Израильде сойып жеуге дайын жүнсіз тауықтар өсіріліп, әлемде жағымсыз сарындағы талқыларға себеп болған.

 

Жоба жетекішлерінің бірі, Кембридж молекула биология зертханасының өкілі Джулиан Сейлдің айтуынша, бұл зерттеу биология ғылымын жаңа сатыға көтеріп тастайтын үлкен қадам болмақ. Жобаға қаржы бөлген ұйым да бұл зерттеуді емі жоқ генетикалық дерттердің дауасын іздеуді жеделдетеді деп отыр.