457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды

2025-2026 оқу жылдарына арналған мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі ертең, яғни 7 тамыз жарияланады. Сүйінші хабарды әлеуметтік желіде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жеткізе отырып, Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай әріптестеріне челлендж жолдады, деп хабарлайды Malim.kz.

"Күні кеше ғана мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы аяқталды. Сәйкесінше, сіздер тағатсыздана күткен мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі ертең, яғни 7 тамыз жарияланатындығын қуана хабарлаймын. Сондықтан біздің ресми ақпарат көздерімізден бақылап отыруларыңызды сұраймын", - дейді министр желіге жүктеген видеода.
Сондай-ақ Саясат Нұрбек биыл елімізде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аталып жатқандығын еске салды.

"Баршаңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, ғылымды сүюге, білімге құштар болуға шақырамын! Кемеңгер ойдың кемесі – Абайды тануға үндей отырып, бұл челленджді әріптестеріме, барлық талапкер мен ғылым сүйер жастарға жолдаймын!", деп сөзін түйіндейді ол.

Фото: pixabay