Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Үлкен мүмкіндік": Сүйінші! Аймағамбетов ел асыға күткен қуанышты хабарды жеткізді

Білім-ғылым
"Үлкен мүмкіндік": Сүйінші! Аймағамбетов ел асыға күткен қуанышты хабарды жеткізді
Informburo.kz. Суретте: Асхат Аймағамбетов

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов дарынды оқушылардың ғылыми зертханаларды тегін пайдалануына мүмкіндік беретін заң өзгерістері әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Аймағамбетовтың айтуынша, пәндік олимпиадаға оқушы дайындайтын ұстаздармен кездесу барысында маңызды мәселе көтерілген.

"Пәндік олимпиадаға бала дайындайтын ұстаздармен кездесуде маңызды мәселе көтерілді. Олар мемлекеттік ЖОО-ға жүгінгенде, зертханаларға кіру үшін қомақты төлем талап етілетінін айтты. Бұл мәселені нақты бір ректорға хат жазу арқылы шешуге болар еді. Бірақ мұндай кедергіге енді бірде-бір дарынды бала тап болмас үшін, мәселені жүйелі түрде шешуді жөн көрдік. Сол үшін заңға арнайы түзету енгіземіз. Жұмыс тобында ұсынған түзетуіміз қабылданды, енді ол жалпы отырысқа шығарылады. Бұл норма қабылданғаннан кейін ғылыми сайыстар мен пәндер бойынша облыстық және республикалық олимпиада құрамасының мүшелері үшін мемлекеттік университеттердің зертханаларының есігі ашық болады. Осы инфрақұрылымды пайдалану тәртібі ЖБҒ министрлігімен бекітілетін болады. Дарынды балалар үшін бұл үлкен мүмкіндік", – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу