Бұл ақпарат malim.kz пен Yandex компаниясының серіктестігі негізінде беріліп отыр.
Yandex Qazaqstan компаниясының Алиса ЖИ-ассистентімен қазақ тілінде сөйлесетін пайдаланушылар саны айтарлықтай көбейіп келеді.
Соңғы бір жылда смарт-колонкалар мен браузер арқылы Алисаға жолданған қазақша сауалдар саны 22%-ға өскен.
Ал 2025 жылдың үшінші тоқсанында смарт-колонкалардағы Алиса былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда қазақ тілінде 3.6 есе көп жауап берген.
Қазақ тіліндегі ең танымал сценарийлер
Жеке бас құпиясына қол сұқпай жиналған аноним деректерге сүйенсек, қазақ тілі қосылғаннан бері Алисаны көбіне мынадай мақсаттарда қолданады:
- барлық жауаптың үштен бірі — еркін әңгіме;
- 27%-ға жуығы — аудиоконтент (музыка, радио, ертегілер).
Алиса қазақ тілінде 330 мың рет радио қосып, 100 мың реттей балалар ертегісін ойнатқан.
Бұған қоса, Алиса күнде орта есеппен 1.5 мың рет ойнап тұрған әннің атауын айтып, пайдаланушыларды жаңа музыкамен таныстырып отырады.
Күнделікті көмекші ретіндегі рөлі күшейді
Қазақ тіліндегі сауалдардың ішінде үшін орында тұрған — ақпарат іздеу және нақты сауалдарға жауап сұрау. Алиса бұл ретте:
- түсініксіз ұғымдарды түсіндіреді,
- оқу тапсырмаларына көмектеседі,
- интернеттен рецепттер мен қажет ақпаратты тауып береді.
Қазақ тіліндегі ТОП-5 сұраныс
Пайдаланушылар Алисаға жергілікті орындарды табу және уақытты басқару бойынша да жиі жүгінеді. Олар:
- қай мейрамханаға баруға болатынын,
- жақын дүкен не дәріхана қайда екенін,
- оятқыш, таймер, еске салғыш орнатуды
жиі сұрайды.
Алиса пайдаланушының даусын және жеке талғамдарын есте сақтап, нәтижелерді лайықтап береді.
Yandex Qazaqstan пікірі
— «Қазақ тілді Алиса көпшіліктің тұрмыс шындығына айналды. Ол музыка қойып көңіл көтереді, балаларды ертегімен баурайды, тұрмыстық және оқу-үйрену сұрақтар бойынша көмектеседі. Ең бастысы – мұның бәрі ана тілімізде қолжетімді», —
дейді Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекенов.
Алиса орнатылған құрылғыларды қайдан сатып алуға болады?
Смарт-станцияларды «Технодом», «Мечта», Sulpak дүкендерінен және Алисаның ресми дүкенінен онлайн/офлайн сатып алуға болады.
Yandex Qazaqstan туралы
Yandex Qazaqstan — машиналық оқыту мен нейрожелі технологияларына негізделген өнімдер мен сервистер әзірлейтін технологиялық компания. Қазақстанда іздеу жүйесі, қалалық сервистер, бұлттық платформалар және ойын-сауық сервистері жұмыс істейді. Компания білім беру және әлеуметтік жобаларды да дамытуда.