457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«СҚ-Фармация»-ның қаржы жымқыруы: тергеу нені анықтады

«СҚ-Фармация» ЖШС-не қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл ақпаратты Қаржы мониторингі агенттігі растап отыр.


Агенттіктің мәліметінше, Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша «СҚ-Фармация» ЖШС қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. 

Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес, аталған іске қатысты өзге мәлімет жария етілмейді. 
Денсаулық сақтау министрлігінің халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қызметіне жүргізілген аудит қорытындысы бойынша келесі фактілер анықталды:

— Министрлік «Ғылыми-инфекциялық препараттар орталығы» АҚ-қа клиникалық зерттеулер жүргізу бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін 166 427,3 мың теңге, сондай-ақ ғылыми-техникалық бағдарлама аясында іс жүзінде жеткізілмеген 4 бірлік жабдық үшін 36 634,1 мың теңге көлемінде төлем жасаған;

— 13 түрлі препаратты сатып алу кезінде баға айырмашылығы анықталған. Бұл ретте сатып алу бағасы нарықтық бағадан 600%-ға дейін жоғары болған. Бұл жағдай негізінен тегін амбулаториялық көмекке арналған дәрі-дәрмектің заңсыз есептен шығарылып, бөлшек саудада сатылуымен байланысты;

— «ҚазМедПром» ЖШС «СҚ-Фармация» ЖШС-не медициналық қолғапты нарықтағы бағадан жоғары құнмен сатқан, бұл бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкелген;

— Аудит барысында Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің «СҚ-Фармация» ЖШС-нің дәрі-дәрмек сатып алу кезінде мемлекет бюджетін 35,8 млрд теңге залал келтірді деген мәлімдемесі расталды.

Денсаулық сақтау министрлігінің халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қызметі бойынша жүргізілген аудит келесі заң бұзушылықтарды анықтады:

— 203 061,4 мың теңге көлемінде өтелуге жататын қаржылық заң бұзушылық;
— 24 970 967,7 мың теңге сомасында бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану.

Сондай-ақ биыл маусымда қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар аудит материалдары Бас прокуратураға шара қабылдау үшін жолданғаны хабарланды. 

Фото:  sk-pharmacy.kz