Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда колледждегі жанжалға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр

Құқық
Алматыда колледждегі жанжалға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр
Sputnik/Абзал Калиев

Алматыдағы колледждерінің бірінде болған төбелеске байланысты қалалық полиция тексеру жүргізе бастады, деп хабарлайды Malim.kz. 

Әлеуметтік желіде Алматыдағы колледждердің бірінде үш студенттің кәмелетке толмаған қызды ұрып-соққаны туралы ақпарат тарады. Жәбірленушінің әпкесінің айтуынша, қыз ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Ол қазір Бірінші балалар ауруханасында ми шайқалуы диагнозымен жатыр, оң көзінің көруі нашарлаған, ауруханада бірнеше рет есінен танып қалды. Оны ұрып, тепкен, бетінде сызаттар қалған, — деп жазды әпкесі.
Қыздың туыстары колледж әкімшілігінің отбасына хабар бермегенін, оны оқудан шығарамыз деп қорқытып жатқанын айтты.

Ал профессор Рузуддинов атындағы Жоғары медициналық-стоматологиялық колледжі әкімшілігінің хабарлауынша, 1 желтоқсанда бірінші курс студенттері дауласып қалған. Бұл оқиғаға бір қыздың анасы араласқан. Әкімшіліктің мәліметінше, дәл сол әйел агрессивті әрекет жасап, дөрекі сөздер айтып, екінші студентке соққы жасаған. Ақырында жедел жәрдем шақырылып, қазір екі қыз да ауруханада жатыр.

Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді.

Ведомствоның мәліметінше, Алмалы ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын қызының денесін колледж студенті жарақаттағаны туралы арыз жазған.

Арыз бойынша жедел шаралар қабылданды. Қақтығысқа қатысқан барлық студент анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілді, — деп мәлімдеді Алматы полиция департаменті.
Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамада қарастырылған барлық процессуалдық іс-қимыл жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесінде олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

— Материалдар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына қарауға жіберіледі. Ювеналдық полиция кешенді іс-шаралар жүргізіп, ата-аналарға қатысты әкімшілік шаралар қолданады. Қылмысқа қатысқан кәмелетке толмағандар профилактикалық есепке алынады, — деп нақтылады ведомствоның баспасөз қызметі.
Полиция департаменті жағдайды ерекше бақылауда ұстап отырғанын және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын қабылдап жатқанын атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу