Шерзаттың ағасының өліміне қатысты тергеу неге тоқтады - прокуратура жауабы

Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты тергеу неліктен тоқтады? Бұл сұраққа байланысты Алматы облысының прокуратурасы Kazinform-ға жауап берді.
Облыстық прокуратура жауабына сәйкес, Алматы облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы Н.Ғайыпбаевтың өлімі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-баптың 1-бөлігімен (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) тіркелген қылмыстық іс аясындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтаған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Жиналған дәлелдер, сараптама қорытындылары және өзге де материалдар негізінде Н.Ғайыпбаевтың өлімі өзіне-өзі қол салу (суицид) салдарынан болғаны анықталды. Үшінші тұлғалардың ықпалымен өзіне-өзі қол салуға итермелеу фактілері анықталған жоқ. Сол себепті, тергеу органымен осы жылдың 17 маусымында сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚПК-нің талаптарына сәйкес тоқтатылды, - делінген прокуратура жауабында.
Еске салайық, бұған дейін Шерзаттың ағасы Ғайыпбаевтың өліміне қатысты тергеу тоқтатылғанын жазғанбыз.
Фото: Бас прокуратура

Ең көп оқылған
