457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жаңа партияның жетекшісі жасанды интеллект болады

Ол Жапонияда құрылады

Жапонияда құрылған жаңа саяси партияның жетекшісі ретінде жасанды интеллект тағайындалмақ. Мұндай шешім партияның негізін қалаушы сайлаудағы сәтсіздіктен кейін отставкаға кеткен соң қабылданды, деп хабарлайды The Japan Times.

«Қайта түлеу жолы» партиясын 2024 жылы Токио губернаторы сайлауында онлайн-кампаниясының арқасында күтпеген жерден екінші орын алған, Батыс Жапониядағы шағын қаланың бұрынғы мэрі Синдзиро Исигамару 2025 жылдың қаңтарында құрған болатын.

Алайда партия жоғарғы палата сайлауында бірде-бір орын иелене алмай, Исигамару жетекшілік қызметінен бас тартты.

«Жаңа жетекші жасанды интеллект болады», - деді партияның жаңа жетекшісі әрі ЖИ жүйесінің «көмекшісі» ретінде өзін таныстырған аспирант Коки Окумура.

Оның айтуынша, жасанды интеллект партия мүшелерінің саяси шешімдеріне араласпайды, тек ресурстарды бөлу сияқты ұйымдастырушылық міндеттерді атқарады. Окумура жуырда Исигамарудың орнына өткен ішкі сайлауда жеңіске жеткен.

Соған қарамастан, «Қайта түлеу жолы» партиясы әзірге айтарлықтай жетістікке жете қойған жоқ. Маусым айында Токио ассамблеясына үміткер болған 42 мүшесі, сондай-ақ шілдеде жоғарғы палатаға кандидат ретінде ұсынылған 10 мүшесі де сайлауда жеңіліс тапты.

Айта кетейік, бұған дейін тұңғыш жасанды интеллект-министр Албанияда тағайындалғаны хабарланған еді.

Фото: The Japan Times