Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысында әкім орынбасары ұсталды

Сұқбат
Алматы облысында әкім орынбасары ұсталды

Алматы облысында шенеуніктер пара алды деген күдікпен құрықталды. Бірі облыстық аумақтық ветеринарлық инспекцияның басшысы болса, екіншісі  Кербұлақ ауданыны әкімінің орынбасары.

Облыстық аумақтық ветеринарлық инспекцияның басшысы шекараға шектес бекеттерді бақылау жөніндегі бөлім басшысымен бірге 700 мың теңге пара алды деген күдікке ілініп отыр. Яғни, ведомствоның бас маманы лауазымына қабылдау үшін қызметкерден 700 мың теңге ақша сұраған көрінеді. Қазір бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Олар пара алу және пара беру дерегімен күдіктеледі. Яғни, олардың 15 млн теңге көлімінде ақша қаражатына істелмеген актілерге қол қойғаны үшін 200 мың теңге пара алды деген күдікпен күдіктеледі. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Соңғы шешім сотпен шығарады», - деді Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Ербол ҚҰРМАНБАЕВ.

Фото автордікі.

Берік ЖАНАХАТҰЛЫ

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу