Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы зообағында егіз қонжық дүниеге келді

Сұқбат
Алматы зообағында егіз қонжық дүниеге келді

Алматы зообағы Instagram желісінде зообақта мекен ететін аюлар Герда мен Құрманбектің төлдері дүниеге келгенін хабарлады.

29 желтоқсанда туған қонжықтардың жынысы әлі белгісіз. Себебі әлі анасының қасында. Жынысы анықталған соң ат қоюға байқау жариялау жоспарланып отыр.  

«Қазір Гердаға лайықты мөлшерде азық берілуде. Оның сүйікті қорегінің ішінде – жеміс-жидек, ет, балық, ботқа, нан, жарма, түрлі витамин бар. Қазіргі уақытта Герда қонжықтарымен бірге өзінің апан-үйшігінде. Ол кішкентай аюларды қызметкерлерге де көрсеткісі келмей, бауырына басуда. Күн жылына бастағанда және қонжықтар кішкене өсіп-жетілгенде Герда оларды даладағы қоршауға шығарады», – делінген Алматы зообағының хабарламасында.

 

Герда бұған дейін 2 рет егіз қонжық төлдеген. Оларға Ник, Нельсон, Кенай, Кода деген ат қойылған.


Фото: Ашық дереккөзден

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу