Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Антикор ШҚО-дағы жемқорлық нұсқаулығына қатысты пікір білдірді  

Сұқбат
Антикор ШҚО-дағы жемқорлық нұсқаулығына қатысты пікір білдірді  

 

Бүгін желіде мемлекеттік сатып алу кезінде тапсырыс беруші мен өнім беруші арасындағы ықтимал сөз байласу туралы ақпарат таралды.

«Сіздердің сұрауларыңызға байланысты жемқорлыққа қарсы волонтердің мемлекеттік сатып алу порталын мониторингілеу барысында ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының «Самар-Вет» ШЖҚ КМК тапсырыс берушісі мен қызмет көрсетуші арасында ықтимал сөз байласу фактісін анықтағанын хабарлаймыз. Аталған ақпарат жұмысқа алынды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысы бойынша конкурс тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бұл дерек ШҚО бойынша СЖҚҚ есепке алу кітабына тіркелді, ҚР ҚПК-нің 181-бабы 5-бөлігі тәртібінде аймақ әкімінің аппаратына және Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу