Былтыр шілде айында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың пәрменімен әскери-патриоттық тәлім-тәрбие жұмыстарын дамытуға арналған зaңғa қoл қoйылғaны белгiлi. Бүгінде бұл бағытта ауыз толтырып айтарлықтай, нәтижелі істер атқарылып келеді.
Қорғаныс саласына тікелей жауапты ведомство басшысының орынбасары Асқар Мұстабековтың пікірінше, Қорғаныс министрлігі жанынан құрылған әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесі кешенді шараларды жүзеге асыруда. Атап айтқанда, құрылым аталған саланың жұмысына қан жүгіртеуге, оның тиімді тұстарын арттыра түсуге жол ашып отыр.
Дәл қазіргі уақытта кеңеске қарасты 20 аумақтық үйлестіру кеңесі жергілікті жерлерде патриоттық сананы дамытуға, әскери қызметті жоғары деңгейде атқаруға серпін беріп келеді. Осы тұрғыда жауапты жұмыстармен 700 000-ға тарта өскелең жас қамтылған. Нәтиже айтарлықтай. Мәселен, әскери-патриоттық бағыттағы сыныптар мен үйірмелерге 380 мыңнан асатын жасөспірім белсене қатысып жүр. Ал 450 000-ға жақын оқушы бастапқы әскери даярлық пәнін оқиды.
Осы маңызды бағытты сапалық жағынан ілгерілетудің тағы бір бастамасы – оқу орындарындағы әскери кафедралар ісі. Осы кафедралардағы оқыту бағдарламалары қайтадан сараптамадан өткізілуде. Әсіресе далада өтетін дәрістерді сапалық тұрғыдан ілгерілетуге жіті көңіл бөлінбек. Сонымен қатар, алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ беретін ұстаздарды іріктеу жүйесі жаңғыртылды,-деп түсіндірді Мұстабеков. Алдағы уақытта да әскери-патриоттық тұрғыдағы жұмыстар жалғасын таба береді.