Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бала зорлағандар қалай жазаланатыны белгілі болды

Сұқбат
Бала зорлағандар қалай жазаланатыны белгілі болды

Елімізде Балалар қауіпсіздігі туралы заңға 55 өзгеріс енгізілді. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева заңдағы негізгі өзгерістерді  түсіндірді.  


«Балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылыққа арнайы бап енгізуді ұсындық, яғни зорлық-зомбылыққа және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге қатысты қылмыстық жауапкершілікті көздеуді ұсындық. Себебі, қазіргі таңда осындай әрекеттерге тек әкімшілік  кодексте жауапкершілік көзделген. Екіншіден, балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты татуласу рәсімін алып тастау, себебі осындай әрекеттерді жасаған адам келесіде ауыр қылмыстарды жасайды. Үшіншіден, тергеу барысында балаларға қарсы жасалған ауыр қылмыстарға қатысты адамды бірден қамауға алуды ұсындық. Төртіншіден, балаларға қарсы жасалған ауыр қылмыстарға бас бостандығын шектеу деген жазаны алып тастауды ұсындық. Себебі осы жаза бойынша адам үйде отырады, ол нақты жаза емес деп ойлаймыз. Мысалы, Жібек жолы ауылында кішкентай қызды өлтірген адам осы жазамен үйде отырды. Сонымен қатар,  балаларға қарсы жасалған жыныстық сипатта тиісу бабын енгізуді ұсындық және балаларға қарсы жасалған жыныстық зорлық-зомбылыққа тек өмір бойы бас бостандығынан айыруды қалдыруды ұсындық», - деді ол.

Мектептерде оқушыларды  буллингтен қорғау мәселесі де өткір тұр. Балалардың 66 %-ы зорлық-зомбылық пен кемістушілікке тап болады. Осыған байланысты  Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева білім беру мекемелерінде «KiVa» бағдарламасы енгізілетінін айтты.   
 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу