457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Павел Дуров: Қазақстанда ЖИ зертханасы ашылады

Бұл Telegram мен Қазақстанның суперкомпьютер кластерінің коллаборациясы болады

Telegram Астанадағы Alem.Ai. жасанды интеллект орталығында ЖИ-зертханасын ашады. Бұл туралы Telegram негізін қалаушы және бас атқарушы директоры Павел Дуров мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Дуров бір жыл бұрын Қазақстанда алғашқы өңірлік кеңсені ашқанын еске салды. Айтуынша, оның нәтижелері жаман емес.

«Бүгін мен Alem.Ai ғимаратында жасанды интеллект зертханасының ашылатынын жариялап отырғаныма қуаныштымын. Бұл Telegram мен Қазақстанның суперкомпьютер кластерінің коллаборациясы болады.  Ол Жасанды интеллект министрлігінің қолдауымен дәл осы Қазақстанда іске қосылады», - деді Дуров Астанада өткен Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумының пленарлық отырысында.

Оның айтуынша, соңғы бірнеше айда Telegram-да блокчейн мен жасанды интеллект негізінде  жаңа технология әзірленген.

«Бұл технология әлемнің бір миллиардтан астам адамына генерацияланатын жасанды интеллект функцияларын пайдалануға мүмкіндік береді», – дейді ол.

Фото: Ақорда