«Семей орманы» филиалының басшысы жалған дипломмен жұмыс істеген

Шәкәрім атындағы университет аталған қызметкерлерге диплом берілмегенін айтты

Malim Админ

  • 15.11.2024

Абай облысында прокуратура жалған дипломмен жұмысқа орналасқан "Семей орманы" МОТР қызметкерлерін анықтады. 


Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломдармен жұмыс істеген Резерваттың 5 қызметкерін, оның ішінде бір филиал басшысын анықтады.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университет аталған қызметкерлерге диплом берілмегенін айтты.

Осы фактілер бойынша ҚК 385-бабының 3-бөлігі (жалған құжаттарды жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталып, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жолданды.

Фото: democrat.kz

Байланысты жаналықтар

Жалған дипломмен сабақ берген 60 мұғалім жұмыстан қуылды

15.08.2024

«Семей Орманы» директоры ұсталды (ВИДЕО)

11.07.2024
MalimBlocks
Жалған дипломмен сабақ берген 60 мұғалім жұмыстан қуылды

Олардың жұмыс істеген кезіндегі қаржыны мемлекеттік бюджетке қайтару туралы сот органдарына шағым жіберілді

«Семей Орманы» директоры ұсталды (ВИДЕО)

Филиал директоры мен оның сыбайластары уақытша ұстау изоляторына қамалды.