Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бір күнде екі рет тағайындалған прокурор

Сұқбат
Бір күнде екі рет тағайындалған прокурор

«Масанчи» трагедиясынан кейін Жамбыл облысының прокуроры Жарқын ҚҰСАЙЫНОВ та қызметінен кетті. Бұған дейін облыс басшысы Асқар МЫРЗАХМЕТОВ пен полиция департаментінің бастығы Арман ОРАЗАЛИЕВ орындарын босатқан еді.

Жамбыл облысының прокуроры болып Нұрғалым ӘБДІРОВ тағайындалды. Бас прокуратура «Президенттің келісімімен бас прокурордың бұйрығына орай Жамбыл облысының прокуроры болып Нұрғалым Әбдіров тағайындалды», - деп ақпарат таратты Ғизат НҰРДӘУЛЕТОВ басқаратын орган.

Қызығы, Нұрғалым Әбдіров бір күнде екі рет Жамбыл облысының прокуроры болып тағайындалды. Күндіз бас прокуратура оның тайындалуы туралы ақпарат таратты. Арада бір сағат өткенде оны жоққа шығарды. Бұл мәлімет барлық интернет басылымдардан алынып тасталды. Содан кейін тағы да бір сағат өткен соң екінші мәрте Нұрғалым МӘЖИТҰЛЫ Жамбыл облысыны ңпрокуроры атанды.

Жаңа прокурор бұған дейін Түркістан, Ақтөбе облысының прокуроры болып қызмет атқарған.

Фото: yujanka.kz

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу