Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

БҚО-да қос азаматтығы бар ер адам елден шығарылды

Сұқбат
БҚО-да қос азаматтығы бар ер адам елден шығарылды

Әкімшілік іс Бәйтерек ауданының №2 сотында қаралды. Ер адам азаматтық туралы заңнаманы бұзған.

«Ақпан айында шекарашылар Ресей Федерациясынан мемлекеттік шекарадан өту кезінде ер адамның қос азаматтығы бар екенін анықтады. Ол өткен жылы Армения Республикасының азаматтығын алған, бірақ бұл туралы Қазақстанға хабарламаған. Сотта ер адам кінәсін мойындап, айыппұл салмауды өтінді, себебі оны төлей алмайтынын айтты», - деп түсіндірді сотта.

Сот шешімімен Армения азаматы кінәлі деп танылып, Қазақстаннан шығарылды. Қаулы күшіне енді.

ФОТО: интернеттен алынды

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу