freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Бұл – менің соңғы сөзім": Елге танымал актердің ақтық демі үзілер шағында берген сұхбаты тарады

Әлем
"Бұл – менің соңғы сөзім": Елге танымал актердің ақтық демі үзілер шағында берген сұхбаты тарады
ашық дереккөзден

Netflix актер Эрик Дэйннің өмірден өтер алдында берген соңғы сұхбатын жариялады. "Анатомия страсти" және "Эйфория" сериалдарымен танылған актердің бұл шығарылымы Famous Last Words жобасы аясында көрсетілді. Аталған жобаға тек актердің көзі тірісінде рұқсат етіліп, қайтыс болғаннан кейін ғана жарияланатын жазбалар енеді, деп жазады Malim.kz.

Сұхбаттың соңында Эрик Дэйн қыздары – Билли мен Джорджияға тікелей үндеу жолдаған.

"Мен барымды салдым. Кейде қателестім, бірақ тырыстым. Біз қаншама бақытты сәттерді басымыздан өткердік. Жағажайда бірге өткізген уақытымыз есімде... Бұл – ең керемет күндер еді", – деді ол.

Сондай-ақ актер дертке шалдыққаннан кейін өмір туралы түсінігі өзгергенін айтып, қыздарына маңызды кеңес қалдырған. Оның сөзінше, адам әр сәтті бағалап, шынайы шабыт сыйлайтын іспен айналысып, жанындағы дұрыс адамдарды қадірлеуі тиіс.

"Бар күштеріңмен күресіңдер. Ешқашан берілмеңдер. Бұл ауру денемді әлсіретсе де, рухымды ала алмайды. Сендер – менің жүрегімсіңдер. Мен сендерді жақсы көремін. Бұл – менің соңғы сөзім", – деген актер.

Еске сала кетейік, америкалық актер Эрик Дэйн 53 жасында қайтыс болды. Оның отбасы қайғылы хабарды растаған. NBC News мәліметінше, өткен жылдың көктемінде Дэйнге жүйке жүйесін зақымдайтын жазылмас дерт – бүйірлік амиотрофиялық склероз диагнозы қойылғанын өзі жариялаған болатын.

Отбасының мәлімдемесінде актер соңғы күндерін жары, екі қызы және жақын достарының ортасында өткізгені айтылған.

Эрик Дэйн "Анатомия страсти" сериалында доктор Марк Слоан рөлін 2006-2012 жылдары сомдады. Ал HBO-ның "Эйфория" жобасында Кэл Джейкобс кейіпкерін ойнады. Сонымен қатар ол "Бурлеск", "Люди Икс: Последняя битва", "От заката до рассвета", "Выжившая" фильмдеріне түскен.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу