Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Цой карантин қашан күшейтілетінін айтты

Сұқбат
Цой карантин қашан күшейтілетінін айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгін өткен онлайн брифингіде қандай жағдайда қатаң карантин қайта енгізілетінін гүсіндірді.

Қазіргі кезде министрдің айтуынша, ауруханадағы орындардың тек 15 пайызы ғана толған. "Егер ауруханадағы орындар 70 пайызға толып кетсе, денсаулық сақтау жүйесінің шамасы жетпейтін жағдайға жетсе, онда карантинді күшейту туралы шешім қабылдаймыз", - деді Цой.

"Карантин қандай жағдайда күшейтіледі? Нақты критерийлерді тізіңізші" деген журналистің нақтылаушы сұрағына Цой толық жауап бермей, "ауруханадағы төсек-орындардың 70 пайызы бос болмаса" дегенді қайталай берді.

Цойдың айтуынша, қазір елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты.  Вирус жұқтыру өсімі 0,1 пайызға тең. Ал ТМД мемлекеттерінде бұл көрсеткіш бізден бес есе жоғары.

Алайда эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғанына қарамастан, денсаулық сақтау министрлігі бірінші тоқсанда балаларды қашықтан оқытуды жалғастыруды  ұсынып отыр.

Сондай-ақ министр ведомство екінші толқынға дайындалып жатқанын жеткізді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу