"Болашақ" бағдарламасы: АҚШ университеттеріне оқуға қалай түсуге болады?

Malim Админ

  • 30.08.2021

"Болашақ" халықаралық бағдарламасы бойынша АҚШ-тағы жетекші университеттерге оқуға түсу үшін қандай құжаттар керек? Оқу орнын қалай таңдаған дұрыс? Қай штатта оқыған жөн? "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ның Солтүстік Америка, ТМД, Азия, Океания елдеріндегі ұйымдастыру басқармасының менеджері Жәния Маратова осы сұрақтарға жауап берді.

Ең алдымен оқуға түсуді ертерек жоспарлаған жөн. Себебі АҚШ-та оқуға қабылдау оқу жылы басталардан алты ай бұрын аяқталады. Сондықтан құжаттарды бір жыл бұрын тапсырған дұрыс.

Екіншіден, таңдайтын оқу орны "Болашақ" бағдарламасы ұсынған университеттердің тізімінде болуы тиіс. Бұл тізімді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" сайтынан табуға болады.

Ең бастысы, бұл университет пен сіз таңдаған оқу бағдарламасын зерттеп көрген жөн. Оған белгілі бір уақыт арнаған дұрыс.

"Оқитын бағдарламаны әбден зерттеу керек. Университет рейтингіне ғана емес, бағдарлама рейтингіне де қараған жөн. Өйткені сіз оқитын бағдарлама бойынша ол университет рейтингі бір басқа, ал жалпы рейтинг басқа болуы мүмкін.  Мамандыққа келгенде университет рейтингтері әртүрлі болуы мүмкін", - дейді Жәния Маратова.

Университет таңдағанда асығыстыққа салынбай, бәрін елеп-екшеп алған дұрыс. Қажет болса "Болашақ" түлектерінен әлеуметтік желі арқылы кеңес сұрауға болады.

Әдетте магистратура, докторантура бойынша құжаттардың стандартты тізімі жиналып тапсырылады. Олар: маман немесе бакалавр дипломы, ұсыныс хат, мотивациялық хат, резюме, халықаралық емтихандардың сертификаттары. Тіл білу деңгейін анықтайтын тестер – IELTS пен TOEFL. Тіл білу деңгейіне әр университет пен оқу бағдарламасы әртүрлі талап қояды. Жаратылыстану бағытындағы бағдарламаларға IELTS емтиханынан 6 немесе 6,5 балл жеткілікті болуы мүмкін. Ал гуманитарлы бағыттағы бағдарламаларға әдетте 7 балл қажет.

Сонымен қатар кейбір оқу бағдарламалары GRE, GMAT сертификаттарын сұратады. Әсіресе, қаржы, есеп, экономикаға байланысты мамандықтарда GMAT сұралады. Кей мамандықтар GRE сұрамауы мүмкін.

Пандемияға байланысты кей университеттер IELTS, TOEFL орнына Duolingo тестін қабылдап жатыр. Бұл тестті онлайн тапсыруға болады. Бірақ алдымен оқу орнының қабылдау комиссиясынан ол тестті қабылдайтынын-қабылдамайтынын нақтылап білген жөн.

Сондай-ақ Халықаралық бағдарламалар орталығы өзіңіз таңдаған университет оқу бағдарламасының профессорлық-оқытушылық құрамын зерттеуге кеңес береді.

Стипендия сомасына келсек, ол әр штатта әртүрлі. Мысалы, Нью-Йорк, Вашингтон қалаларында 2 мың доллар, кей штаттарда 500-1600 доллар шамасында. Бірақ қай штатты таңдасаңыз да, стипендия азық-түлік, жол жүру, оқу құралдары тәрізді қажеттіліктерге жетеді.  

Байланысты жаналықтар

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

11.04.2025

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

11.04.2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

06.04.2025
MalimBlocks
Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

Тамыры терең тарихпен астасқан мәдени мұра мекені — Ұлытауды бірге аралап, ерекше әсерге бөленейік!

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

Әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркіхалықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік