"Болашақ" бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

Malim Админ

  • 17.04.2020

Алматыдағы кәсіпорындардың бірінде  жұмыс істейтін Әйгерім Омар бірнеше жылдан бері шетелдік жоғары оқу орнына түсуге дайындалып жүрген. Биыл қаңтарда ағылшын тілін білу деңгейін анықтайтын IELTS емтиханын тапсырып, Ұлыбританиядағы рейтингі аса жоғары оқу орындарының біріне магистратура бөліміне құжат тапсырды. Жақында шетелдік жоғары оқу орнынан "оқуға қабылдандың" деген жауап та келіпті. Шетелдік университетке өз бетінше түскен Әйгерім енді "Болашақ" бағдарламасына құжат тапсырсам деп отыр. "Болашақ" шәкіртақысына үміткерлерді іріктеу қағидаларының өзгертілуі Әйгерім тәрізді оқуға өз бетінше түскен мамандарға тең мүмкіндіктер тудырмақ.

"Маған тілдік дайындық курстары қажет емес. Әрі жоғарғы оқу орнынан алған шақыртуым бар. "Болашақ" шәкіртақысына іріктеудің жаңа ережелеріне сәйкес, енді үміткерлердің бәрі университетке өз бетінше түсулері керек. Оның үстіне тілдік дайындық курстары да алынып тасталмақ. Бұл талаптар маған өте ыңғайлы. Енді басым мамандықтардың жаңа тізбесінің шығуын күтіп отырмын", – дейді ол.

Расында да, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ "Болашақ" халықаралық шәкіртақысы модернизацияланатынын, іріктеу ережелері өзгеретінін хабарлады. Бұл өзгерістердің барлығы іріктеудің ашықтығын арттырып, шәкіртақыға үміткерлерге тең мүмкіндіктер тудырып, байқау кезеңдеріндегі объективтілікті арттырмақ. Бұл үшін білім және ғылым министрлігінің тиісті нормативті-құқықтық актілеріне тиісті өзгерістер енгізілген.

Ең алдымен басым мамандықтардың жаңа тізбесі шықпақ. Бұл жерде қор еңбек нарығындағы жағдайды ескеріп, тізімді жұмыс органымен бірге қалыптастырады.

Екінші өзгеріс үміткерлердің бәріне тең мүмкіндік беру приципінен шыққан. "Болашақ" бағдарламасының 26 жылдық тарихында түрлі квоталық санаттар болған. Мысалы, 2008-2010 жылдары  мемлекеттік қызметкерлер, ауыл жастарығылыми-педагогикалық қызметкерлерге квоталар беріліп, бағдарламаға іріктеу шарттары жеңілдетілді. Сол сияқты 2014 жылы мәдениет саласы мен бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін қызметкерлер квоталық санатқа жатқызылып,  іріктеу шарттарында едәуір жеңілдіктер қарастырылады. Атап айтқанда, квоталық санаттағы үміткерлерге шет тілін білудің талаптары жеңілдетіліп, іріктеуден сүрінбей өтіп, шәкіртақы алғандарға тіл курстарын оқуға мүмкіндік берілетін.

Енді жаңа өзгерістерге сәйкес, үміткерлердің барлық жеңілдік квота санаттары алынып тасталды. Бұл дегеніміз "Болашақ" шәкіртақысына үміткерлер оқуға өз бетінше түскен болуы тиіс деген сөз. Сәйкесінше бұл үміткерлер бұрынғыдай тіл курстарын қажет етпейді дегенді білдіреді. Алайда ауылдық жерден шыққан үміткерлерге тілдік дайындық курстарынан өту мүмкіндігі сақталып қалды.

Сонымен қатар бұрын конкурстық іріктеудің алты кезеңі болса, жаңа ережеге сәйкес, ол үш турға қысқарды. Атап айтқанда, іріктеудің бұрын бірінші кезеңі болған – мотивациялық және ұсыныс хаттарды бағалау алынып тасталды. Сондай-ақ қазақ тілі мен шет тілін білу деңгейін анықтау бойынша іріктеу турлары қысқарды. Үміткерлер конкурсқа қатысу үшін бұл тестерді өз беттерінше тапсырып келуі тиіс. Сонымен, "Болашақ" бағдарламасына іріктеудің үш кезеңі мыналарды қамтымақ: үміткерлерждің интеллектуалды және эмоционалдық IQ деңгейін анықтауға арналған тестілеу, Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен әңгімелесу және шәкіртақыны тағайындауды шететін шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы.

Айтпақшы, үміткерлердің әрқайсысымен жеке әңгімелесіп, шәкіртақы иегерлерін республикалық комиссияға ұсынатын Тәуелсіз сараптамалық комиссияның құрамына қойылатын талап күшейтілді. Бұдан былай Тәуелсіз сараптамалық комиссияға кемінде бес адам кіреді, бұған дейін комиссияға үш адам қатысатын. Үміткерлерді іріктейтін комиссия отырысы онлай режимде өтпек. Атап өтеніні, іріктеудің өзге турлары да онлайн таратылады. Бұл іріктеуді барынша ашық етіп, адам факторын азайтпақ.

"Маған бәрінен ұнаған өзгеріс, құжаттарды қабылдау автоматтандырылғаны. Бұл мен үкіметтің электронды порталы арқылы құжаттарды еш қиналмастан өткіземін, адам факторына тап болмаймын деген сөз. Бұл, әлбетте, ыңғайлы . Уақыт үнемдейді әрі үміткерлерді әуре-сарсаңға түсірмейді", - дейді Әйгерім.

Енді "Болашаққа" құжат тапсырушылар оны egov.kz порталы арқылы жаай алады. Ол процесс толықтай автоматтандырылды. "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ның хабарлауынша, конкурстық іріктеу кезеңдерінің автоманттандырылуын қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатыр. Іріктеу процесі президенттік кадрлық резервке іріктеу үлгісі бойынша цифрлық платформаны пайдалану арқылы жүргізілмек.

"Болашақ" шәкіртақысының әкімшісі – "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ үміткерлерге талапты  ғана емес, конкурстық іріктеуге қатысатын қызметкерлердің жауапкершілігін күшейтуді жоспарлап отыр. Былтырғы жылдың күзінен бері "Халықаралық бағдарламалао орталығы" АҚ-ның директорлар кеңесіне төрт тәуелсіз директор мүше болды, бейіндік бөлімдерге "Болашақ" бағдарламасының түлектері мен кәсіби мамандар тартылды, шетелдегі өкілдіктердің саны қысқарды. Ең бастысы, мүдделер қақтығысын реттейтін және ықтимал заңбұзушылықтардың алдын алатын комплаенс-офицер қызметі енгізілді. Осылайша, адам факторы барынша азайып, ықтимал жемқорлық туекелдері жойылды. Бұл "Болашақ" бағдарламасының ашықтығын арттыратыны сөзсіз.

Жаңа ережелер үкімет қаулысымен бекітілген соң, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" сайтында жарияланады. Сол кезде үміткерлер жаңа бейінді бағыттар тзімі, оқуға түсуге ұсынылатын университеттер тізімі мен басқа да талаптармен таныса алатын болады.

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Жаңа пьесаларды сахнаға шығаратын жоба басталды

24.12.2024

Елімізде 231 мемлекеттік архив жұмыс істеп тұр

22.12.2024

Маржан Жұбаныш. Қазақ мультфильмін әлемге танытқым келеді

20.12.2024

Астананың LED экрандарында Мемлекеттік ту бейнеленді (ВИДЕО)

15.12.2024

Қазақша «Моана 2» анимациясының кассалық табысы 151 000 000 теңгеден асты

12.12.2024

Димаштың жанкүйерлері тұңғыш поляк-қазақ сөздігін шығарды

10.12.2024
MalimBlocks
Жаңа пьесаларды сахнаға шығаратын жоба басталды

Жоба екі кезеңнен өтті

Елімізде 231 мемлекеттік архив жұмыс істеп тұр

Бүгін – Архившілер күні!

Маржан Жұбаныш. Қазақ мультфильмін әлемге танытқым келеді

2022 жылы жарық көрген мультфильм сол жылы Жа­по­нияда өткен анимациялық фильмдер фестивалінде 1-орын алды. Мультипликация өндірісінің отаны саналатын елде мұндай жоғары сыйлыққа ие болу өте қиын екені түсінікті. Tokyo Film Award фестиваліне әлемнің көптеген елі­нен жүздеген мультфильм қатысқан.

Астананың LED экрандарында Мемлекеттік ту бейнеленді (ВИДЕО)

Шара Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ұйымдастырылған

Қазақша «Моана 2» анимациясының кассалық табысы 151 000 000 теңгеден асты

Димаштың жанкүйерлері тұңғыш поляк-қазақ сөздігін шығарды

Кітап Польшадағы Димаш Құдайберген фан-клубы шығарған тұңғыш сөздік