Қашықтан оқу: Докторанттар зертханаға бара алады

Malim Админ

  • 30.08.2020

Ғылымның дамуы үшін адамға не керек? Әрине, алдымен, білім алатын жағдай керек. Қазақстандағы ғылымның бастауы магистратура мен докторантурадан басталады десек, болашақ ғалымдарға ең алдымен еркіндік керек. Олай болатыны, педагог мәртебесі жиі сөз болып жатқан тұста, магистранттар мен докторанттардың да қосымша жұмыстарға жегіліп кетпегенін қадағалау маңызды. Әйтпесе, университеттің, факультеттің жұмыстарына араласып, одан қала берді, жетекшісінің орнына сабақ өтіп жүрген жас ғалымдарды жиі көруге болады. Әрине, бұл тәжірибе тұрғысынан өте қажетті нәрсе, бірақ, ғылыммен айналысу деген ЖОО-да дәріс оқумен ғана өлшенбейді ғой. Сол себепті, бұл тарапта магистранттар мен докторанттардың еркіндігі өте маңызды.

Биыл қалай болады? Әлем коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан биылғы оқу жылы көптеген білім алушылар мен ізденушілер үшін онлайн түрде жалғаса бермек. Бұл тізімге біз айтып отырған докторанттар да кіреді. Әрине, қашықтан оқуға көшкен күннен бастап-ақ, докторанттарға жеке тақырыбымен еркін айналысуына мүмкіндік берілетіні айтылған. Ара-тұра онлайн түрде есебін беріп тұрса, қалған уақыты тек өзіне тиесілі. Пандемия әлемді өзгертті (өзгертеді) деп жиі айтып жүрміз ғой, оның бір өзгерткен тұсы болса, ол, осы, білім саласын реформалауды тездетуі шығар. Докторанттар да солай, көп уақытын өзіне жұмсап, ғылыми ізденіске жол ашты деп болжауға болады. Карантиндік, өзге де шектеу шаралары толықтай алынып тасталған соң, олар өзі оқитын ЖОО-ларға жаңа талаптар қоя бастайды әлі.

Ал, биыл докторанттар қашықтан оқиды. Бұл туралы Білім және ғылым минстрлігінің ресми парақшасында жарияланды. Онда оқудың әдеттегідей 1 қыркүйектен басталатыны жазылған.

«1 курс докторанттары үшін оқыту қашықтан жүргізіледі. 2-3 курс докторанттары үшін зерттеу жұмысы қашықтан ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру докторанттардың өтініштері бойынша зертханаларда жүзеге асырылады. Зертханалық және практикалық сабақтар әлеуметтік қашықтық пен күшейтілген санитарлық шараларды сақтай отырып, жеке кесте бойынша жүргізіледі», - делінген онда.

Вирус келеді, кетеді, бірақ, ғылым қалады. Сондықтан, ел ғылымының ертеңі боларлық, бір аттаса ғалым деген үлкен атты иемденгелі тұрған докторанттардың ізденісін тоқтатпауын қамтамасыз ету керек. Осы жағынан алғанда, теория емес, нақты тәжірибе бойынша оқитын 2-3 курс докторанттарын зертханаларға жіберу орынды шешім деуге болады. Әрине, 2-3 курс докторанттар саны әр университетте аса көп емес екенін ескерсек, онда санитарлық шараларды сақтау да аса қиындық туғызбайтын болса керек.

 

Байланысты жаналықтар

Euronews қазақ балеті туралы арнайы репортаж жасады

20.02.2025

Димаш халықаралық беделді сыйлықты қалай алды?

18.02.2025

"Боран" қандай фильм?

18.02.2025

"Есімдер": "Астана Балет" театры бірегей жоба өткізді

18.02.2025

Анам айтқан жалған сөздер

14.02.2025

Ғазиза Құдайбергенқызы - Алматыдағы ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың директоры

14.02.2025
MalimBlocks
Euronews қазақ балеті туралы арнайы репортаж жасады

Димаш халықаралық беделді сыйлықты қалай алды?

Әйгілі Rolling Stone журналы мақала жариялады

"Боран" қандай фильм?

"Есімдер": "Астана Балет" театры бірегей жоба өткізді

Анам айтқан жалған сөздер

Құлыным жей ғой, менің қарным ашқан жоқ» дейтін. Бұл оның үнемі айтатын жалған сөзі еді.

Ғазиза Құдайбергенқызы - Алматыдағы ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың директоры