457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Зеленский: ымыраға келу Путинді құтырта береді

Астана, malim kz. Алдағы Трамп пен Путиннің Аляска штатында (АҚШ) кездесуі Еуропа Одағы мен Украинаны мазалап отыр. Себебі Трамп өз бетінше келісіп, Украинаның мүдделерін есепке алмауы мүмкін.

Осыған байланысты, Еуропа Одағы ол кездесуден Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік талап етеді деп жазады Неміс толқыны.

Кеше Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия, Польша, Финляндия және Еурокомиссия басшылары біріккен мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде Украина туралы кездесу Украинасыз өтуі мүмкін емесі айтылған.

Бұл мәлімдемеге Украина президенті Зеленский де үн қосты. Ол, Қырымды алған Путин содан тоқтамай Луганск пен Донецкіге ауыз салғанын айта келіп, мәмілеге келу Путинді одан сайын құтыртып жібереді деген.

Фото: Reuters