freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дауыл, жаңбыр: 15 шілдеге ауа райы болжамы жарияланды

Экология
Дауыл, жаңбыр: 15 шілдеге ауа райы болжамы жарияланды
Фото: iStock

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, еліміздің бірқатар өңірлерінде қатты ыстық пен жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана қаласында ауа температурасы +35…+39°C болады. Найзағай, дауыл, желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қаласында ауа температурасы +35…+37°C болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында ауа температурасы +40…+42°C болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Кейбір өңірлерде найзағай, қатты жел, шаңды дауыл және бұршақ жаууы күтіледі.

ТЖМ ауа температурасы жоғары кезеңде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды ескертеді. От көздерін қараусыз қалдырмаңыздар, белгіленбеген жерлерде от жақпаңыздар.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу