457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Кәрім Мәсімовтің денсаулығы қалай? - ІІМ

Ішкі істер министрі Ержан Саденов бас бостандығынан айырылған ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің денсаулығы  туралы айтты. 


Ресми түрде айтамын: жағдайы қалыпты. Ол сот үкіміне сәйкес, бас бостандығынан айыру мекемесінде отыр, — деді Ержан Сәденов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Естеріңізге сала кетсек, 2022 жылдың қаңтарында Кәрім Мәсімовтің үстінен мемлекетке опасыздық жасау фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталғаны мәлім болды. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан 6 қаңтарда босатылып, 8 қаңтар күнгі тұтқынға алынды және тергеу изоляторына қамалды.

Кәрім Мәсімовке қаңтар оқиғасы бойынша айып тағылған болатын. Бас прокурор Берік Асылов атап өткендей, тәртіпсіздік кезінде Мәсімовтің тапсырмасы бойынша ҰҚК департаменттерінің жеке құрамы жұмыс орнын тастап кеткен. 

2023 жылы сәуір айында Кәрім Мәсімовтің мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқынан өмір бойына айыру арқылы 18 жылға сотталды. 

Фото: massaget.kz