Қарындасының тойында күзетпен жүрген Димаш Құдайберген қызу талқыға түсті

Желіде Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергеннің ұзату тойы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Malim.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Раушан Құдайбергеннің таңдауы шымкенттік жігіт Ермаханға түскен. Айтбаевтар әулетінің күйеу баласы да өнер адамы.
Ұзату тойда әнші Димаш Құдайберген қарындасына арнап ән шырқап, көптің көңілін босатты. Сонымен қатар, ресейлік композитор Игорь Крутой құрметті қонақтар тізімінде болды.
Желі қолданушылары тойдың өте қарапайым әрі әдемі өткенін жарыса жазуда.
"Тектіліктің жұпар иісі аңқыған ғажайып той болды", "Ақша осы отбасына ластаған жоқ", "Ешқандай шоу жасамай өте керемет той өткізді", "Бұл отбасы осы планетадан ба өзі?", "Өз тойында тығылып күзетпен жүру де оңай емес", деп жазды көпшілік.
Фото: видеодан скрин

Ең көп оқылған
