Танымал әнші Роза Әлқожа марқұм Оразалы мен Ажардың балаларына ерекше құрмет көрсетіп, елдің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Malim.kz.
Өнер иесі әсерлі сәтті әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, көпшілікке өзінің ыстық ықыласын жеткізді.
Бұл көрініс желі қолданушыларының жүрегіне жылу сыйлап, үлкен адамдықтың үлгісі ретінде бағаланды. Көпшілік Оразалының ұлы әкесіне аумай қалғанын жарыса жазып, Роза Әлқожаның жылдар бойы бұл отбасының балаларын назардан тыс қалдырмай, қамқорлық танытып жүргеніне ризалықтарын білдірді.
Пікірлер арасында: "Ұлы әкесінен айнымайды, Алла ұзақ ғұмыр берсін", "Розаның адалдығы байқалып тұр, шын достық деген осы", "Орнында бар оңалар, балаларының ғұмыры ұзақ болсын", "Оразалының күлкісі, жүрісі – бәрі баласында қалған екен", – деген жылы лебіздер көбейді.