Қайын інісі ағасы мен жеңгесіне ЭКО арқылы сәби сыйлаған
Ләйлә Сұлтанқызы жазғандай, Әлім мен Эльмира осы сыйлықтың арқасында қыз бала сүйіп, қазір бақытты ата-ана болып отыр
Журналист, "Мәриям" қорының негізін қалаған Ләйлә Сұлтанқызы эко арқылы бала сүйген тағы бір отбасы туралы айтты, деп хабарлайды Malim.kz Bugin.kz сайтына сілтеме жасап.
Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат берген Эльмира бұл қайын інісінің сыйлығы екенін айтты.
"Бір күні қайным келіп, "болды, жеңге, Астанаға барасыз. Алла қаласа сәбилі болып келесіз" деді. Содан, елордаға келіп, қолы алтын дәрігер Алмас Құрманғалиұлының арқасында күзде аяғым ауыр екенін біліп, қыста босандым", - дейді Эльмира.
Ләйлә Сұлтанқызы жазғандай, Әлім мен Эльмира осы сыйлықтың арқасында қыз бала сүйіп, қазір бақытты ата-ана болып отыр.
Фото: Видеодан алынған скриншот