Алматыда жаңа метро станциялары құрылысының тоқтап қалу қаупі бар

Қоғам белсендісі Санжар Боқаев Bazis Construction компаниясының метро салу тәжірибесі жоқ екенін және метроға қажетті құрылыс жабдықтары да жетіспейтінін айтты деп хабарлайды Malim.kz.
Алматы қаласында 2020 жылдан бері Bazis Construction компаниясы Қалқаман атты жаңа метро станциясының құрылысын жүргізіп келеді. Бұл станцияның құрылысы едәуір қымбаттап кеткен, ал пайдалануға беру мерзімі кейінге шегерілді. Дәл осы себептермен құрылыс компаниясы жұмысты уақытында аяқтай алмай жатқан шығар.
Белгілі болғандай, осы жылдар бойы метро салуға қажетті заманауи құрылыс техникасы Алматыда тұрған, бірақ қолданылмаған. «ГиперБорей» арнасында Санжар Бокаев Алматы метрополитенінің қолданыстағы 11 станциясын салуға пайдаланылған тоннелқазғыш қалқан мен арнайы жабдықтардың кешенін көрсетті.
Метро құрылысында аса қажет бұл жабдықтың не себепті босқа тұрып жатқаны және неге тоннел қазу жұмыстарын арнайы лицензиясы бар елдегі жалғыз метроқұрылыс компаниясы — барлық 11 станцияны салған «АлматыМетроҚұрылыс» емес, жай ғана құрылыс компаниясы атқарып жатқаны түсініксіз болып отыр.
Фото: Выход к правде телеграм арнасынан

Ең көп оқылған
