Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Ұлттық банктің 4 шілдеге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 519,57 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,61 теңге, Еуро — 612,78.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы —519,5 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 608 сату құны — 613.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 524 теңге, сатып алу құны — 518 теңге. Еуро 607 теңгеден сатып алынып, 614 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,46— 6,62 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 3 шілде күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,09 теңгеге қымбаттап, 519,57 теңге болған.
Фото: Pixabay.com


Ең көп оқылған
