Елімізде экономикалық қылмыскерлердің тізімі жасалады

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 2025 жылғы 16 мамырда Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында экономикалық қылмыскерлер реестрін құру жайына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.
Ол бұл реестрді Экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл департаменті жүргізетінін атап өтті.
"Ең алдымен, бұл реестрге пирамида және соған ұқсас дүниелерді құратын адамдар ілігеді. Өзгелер бұл адамдар араласудың мағынасы жоқ екенін білуі үшін. Ад бұл техникалық тұрғыдан қалай болады, ол жағын кейін дамыта жататын болады", - деді Игорь Лепеха.
Алдында еліміздегі экономикалық қылмыстар бойынша сотталғандарды мерзімінен бұрын босату ұсынылған болатын.
Фото: freepik