«Украинасыз ештеңе шешілмейді»: Киевтің одақтастары Трампқа бірнеше шарт қойды

Трамп пен Путиннің Аляскадағы саммиті қарсаңында Киевтің халықаралық одақтастары мен президент Зеленский бітімге келудің мүмкін емес шарттарын айқындады.
Уақытты үйлестіру жүргізілді: Украина президенті Владимир Зеленский, ЕО мен НАТО-ның бірқатар елдерінің басшылары АҚШ президенті Дональд Трамп пен вице-президент Джей Ди Вэнске өз шарттарын жеткізді. Бұл шарттар орындалмайынша, Ресеймен бітім жайлы әңгіме болуы мүмкін емес. Конференция онлайн форматта өтті, президент Зеленский оған Берлиннен қатысты.
1. Украинаға қатысты барлық мәселе Украинамен келісілген түрде талқылануы тиіс.
"Біз келіссөздердің үшжақты форматын қолдаймыз. Отты тоқтату керек, қауіпсіздік кепілдіктері болуы тиіс. Президент Трамп бұл ұсыныстарды қолдайтынын мәлімдеді", – деп хабарлайды ақпарат агенттіктері Украина президентінің сөзін.
2. Келіссөздердің басталу нүктесі – қазіргі "соғыс жанасу желісі" болуы керек.
Германия канцлері Мерц Ресей басып алған территорияларды заңды түрде мойындау "қажет емес" екенін атап өтті.
3. Қауіпсіздік кепілдіктері.
Владимир Зеленский Ақ үй Украинаға нақты қауіпсіздік кепілдіктері берілуі тиіс дегенмен келісетінін хабарлады.
Бұл ұстанымды Франция президенті Эммануэль Макрон да қолдайды.
"Бұл - біздің еуропалық мәселе. Украина орыс империализмімен күрестің алдыңғы шебінде тұр. Естеріңізге саламын, олар 2008 жылы Кавказда бастаған еді, әрі қарай жалғастыруы мүмкін", - деді ол.
4. Санкциялар енгізілуі тиіс.
Украина мен оның одақтастары Ресей атысты тоқтатуға келіспесе, оған қысымды күшейтуді жақтайды.
"Путин санкциялар әсер етпейді деп блеф жасап отыр. Олар маңызды емес дейді. Шын мәнінде, санкциялар көмектесуде, Ресейдің әскери экономикасына соққы беріп жатыр", - деді Зеленский.
"Иә, оларда қару-жарақ, артиллерия көп, бірақ шығындары үш есе артық. Мен Трампқа: Путин бейбітшілік қаламайды, ол елімізді жаулап алғысы келеді, — деп айттым."
"Аляскада Еуропа мен Украинаның қауіпсіздік саласындағы іргелі мүдделері ескерілуі тиіс."
Германия канцлері Мерц.
Жұма күні АҚШ пен Ресей президенттері Аляскада кездесіп, Украинадағы ықтимал бітім жолдарын жеке талқыламақ. Онлайн саммит қорытындысы бойынша канцлер Мерц Ақ үй Украина одақтастарының ортақ ұстанымын тыңдағанын мәлімдеді.
"Аляскада Еуропа мен Украинаның қауіпсіздік саласындағы іргелі мүдделері ескерілуі тиіс. Бұл мәселе бойынша Еуропа мен АҚШ арасында ортақ келісім бар", - деді ол.
Бірнеше күн бұрын АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Fox News телеарнасына берген сұхбатында Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуда басты мәселе аумақтық сұрақтар болатынын айтқан еді.
Фото: John MacDougall/Pool Photo via AP

Ең көп оқылған
