457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қаңтар оқиғасы: азаматтарды азаптаған Әбілбековтің қайда екені анықталды

Алматы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Берік Әбілбеков 2022 жылғы қаңтарда Қосмамбет ауылындағы арнайы қабылдау изоляторында азаматтарды азаптағаны үшін сотталған. Ол қазір жазасын Талдықорғанда өтеп жатыр. 


Бас прокуратура жауабында, Әбілбеков ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Талдықорғанда орналасқан № 71 мекемесінде қамауда отырғаны мәлімделді.

Қадағалаушы органның дерегінше, сотталушыға қатысты қамау жағдайын жеңілдету, мерзімін қысқарту, рақымшылық немесе үкімді басқа жолмен жұмсарту қолдану мәселесі қаралмаған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 476-бабына сәйкес, ізгілендіру актілерін қолдану соттың айрықша құзыретіне жатады. Сондықтан Әбілбеков Б.К. мұндай өтініш білдірген жағдайда, олар заңда белгіленген тәртіппен сотта қаралады, — делінген Бас прокуратура жауабында.

2025 жылғы қаңтарда сот Берік Әбілбековті үш жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. 

Бұл іс бойынша барлығы полицияның алты қызметкері кінәлі деп танылды. Олар ҚК 146-бабының 1-бөлігі (2023 жылғы 17 наурызға дейінгі редакция) және 362-бабының 1-бөлігі бойынша сотталды. Қылмыс жиынтығы негізінде (ҚК 58-бабының 2-бөлігі) әрқайсысына үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ, олардың мемлекеттік қызметте лауазым атқару және арнайы атақтар иелену құқығы алынған.

Фото: Алматы ПД