Көшедегі валюта таблосына тыйым салынды

Қазақстанда валюта бағамы туралы ақпараттық стенд (табло) айырбастау пункітінің ішінде немесе касса жанында болуы керек.
Осы қаулы шілде айының басында жарияланған еді. Бұл тәртіп екі ай өткеннен кейін, яғни 2025 жылғы 9 қыркүйектен бастап күшіне енді.
Ақпараттық стендті (табло) айырбастау пунктінен тыс жерде, оның ішінде ғимарат пен мекеменің шатырында, сыртқы қабырғасында, стационарлық, жылжымалы және тасымалданатын стендтер орналастыруға жол берілмейді. Жаңа тәртіпке сәйкес, ақпараттық стенд, яғни валюта бағамы көрсетілген табло көшеде ашық кеңістікке қойылмауы тиіс.
Бірақ, валюта айырбастау пункті көпфункцияналды мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарда (оның ішінде іскерлік орталықтар), вокзал, казино аумағында, әуежай ішінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін автомобиль, теңіз және өзен бекеттері аумағында орналасқан жағдайда, таблоға рұқсат етіледі.
Еске салсақ, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов көшедегі валюта бағамының кестелерін ілуге неге тыйым салып жатқандарын түсіндірген болатын.
Сонымен қатар, Ұлттық банк валюта бағамының таблосын ғимарат ішіне кіргізбеген айырбастау бекеттеріне қандай шара қолданылатынын айтты.
Жаңа талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл мөлшері 3-тен (11 796 теңге -ред.) 5 айлық есептік көрсеткішке (19 660 теңге) дейін баруы мүмкін.
Фото: Malim.kz

Ең көп оқылған
