Президент тапсырмалары орындалуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылдау туралы бастама көтеріп, заңда экономикамызды ғылым мен инновацияға сүйене отырып дамыту логикасының көрініс табуының маңыздылығына тоқталған болатын.

Malim Админ

  • 28.08.2024

Президент тапсырмасына сәйкес жаңа заң дайындалғанын айтқанымыз абзал.2024 жылдың 1 шілдесінде қол қойылған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңы отандық ғылымның даму үдерісінің, оның мақсаттары мен міндеттерінің шынайы нәтижесі мен жалғасы болып отырғанын ғылыми жұртшылық жоғары бағалауда.

Жаңа заңда – отандық ғылымның қазіргі заманғы жетістіктерімен ғана емес, сонымен бірге оны әлемдік ғылыми үрдістермен үндестіру мақсаты қойылғанын байқау қиын емес.Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты әлемдік технологиялық көшбасшыларға қатысты инновациялық алшақтықты азайтуға бағытталғаны да айтылған болатын.

Сондай-ақ, Ғылым қорының технологияларды коммерцияландыру жөніндегі ұлттық агенттік ретіндегі мәртебесі кеңейтілгенін,ғалымдарды ынталандыру мақсатында жас ғалымдар үшін жеңілдікті тұрғын үй сатып алу құқығы енгізілуі мен ғылымды басқарудың  жаңа тетіктері қарастырылғаны - жастарды ғылымға тартуға зор мүмкіндік тудыратыны сөзсіз.

Мемлекет басшысының Жолдауда айтқанБизнес-инкубатор, коммерцияландыру орталығы, технопарк, құрастыру бюросы сияқты инновациялық инфрақұрылымдар құруға қатысты жеке бастамаларға сөз жүзінде емес, нақты іспен қолдау көрсететін пәрменді шаралар керектігі туралы тапсырмасын орындау үдесінен шығуға жол ашылатын болады.

Жолдауда айтылған Жасанды интеллектіні дамыту бойынша да жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын тілге тиек еткіміз келеді.Ғылыми қауымдастық өкілдері жасанды интеллектіні дамыту арқылы  еліміздің ішкі жалпы өніміне айтарлықтай үлес қосуға болатынынын жақсы сезінуде.

Жасанды интеллектінің дамуын жолға қоюға арнаулы бағдарлама жасау мақсатында ғалымдар тарпынан зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Ол үшін қоғамға қажет бағыттарды дамытуға күш салынуда. Яғни, Президент айтқан жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдалану мақсатында  халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнатылып,  мамандар даярлау қолға алынуда.

Аймақтағы жоғары оқу орындарының негізінде біртұтас инновациялық экожүйе құру туралы  да өткен жылғы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырма берген болатын.

Инновациялық экожүйені құрылымдаудың әр түрлі тәсілдері қарастырылып, сонымен  қатар инновациялық экожүйенің тиімділік белгілері мен жетістік факторлары анықталуда.Инновациялық экожүйелерді елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларының дамуына әсер ететін интеграциялық мәні де ескерілуде.Сондықтан университеттердің негізгі мақсаты – нарықтың трансформациясы,жасанды интеллектіні дамыту мен  инновациялық экожүйе  құруға бағытталып отырғанын бағамдауға болады.

Жалпы, ғылым және жоғары білім саласына байланысты өткен жылғы Жолдауда көтерілген мәселелер өз шешімін тауып жатқанын  айтсақ артық болмас. Ал, биылғы Жолдауда халқымыздың әл-ауқатын одан әрі арттыруға бағытталған  батыл бастамалар көтерілер деп үміттенеміз.

Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру бойынша  да мәселелер орын алуы мүмкін. 

Кәрімбек ҚҰРМАНӘЛИЕВ, Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, академик.
Фото: Жеке архивтен

Байланысты жаналықтар

Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті ретінде қызметіне кірісті

25.03.2025

Сауд Арабиясындағы АҚШ - Ресей келіссөзі аяқталды

25.03.2025

Трамп Колорадодағы Капитолийде ілінген портретін сынап тастады

24.03.2025

Экрем Имамоглу ресми түрде Түркия президенттігіне үміткер болды

24.03.2025

Тоқаев ХОК-тің жаңа президенті Кирсти Ковентриге құттықтау хат жолдады

23.03.2025

Ердоған Наурыз мерекесін Түркияда да атап өтуді ұсынды

22.03.2025
MalimBlocks
Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті ретінде қызметіне кірісті

Александр Лукашенко жетінші рет​​​​​​​ Беларусь президенті қызметіне кірісті

Сауд Арабиясындағы АҚШ - Ресей келіссөзі аяқталды

Трамп Колорадодағы Капитолийде ілінген портретін сынап тастады

АҚШ президенті Дональд Трамп Колорадо штаты Капитолийінде ілінген өзінің портретін сынап тастады

Экрем Имамоглу ресми түрде Түркия президенттігіне үміткер болды

23 наурызда Түркияның оппозициялық Республикалық Халық партиясының алдын ала сайлауында 15 миллион адам биліктен қуылып, тұтқындалған Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглуға қолдау білдіріп, дауыс берді

Тоқаев ХОК-тің жаңа президенті Кирсти Ковентриге құттықтау хат жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Кирсти Ковентриге Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті болып сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады

Ердоған Наурыз мерекесін Түркияда да атап өтуді ұсынды