Ұлттық банк 5 мамырға арналған валюта бағамын ұсынды

Қазақстанда 5 мамырда доллар бағамы қандай болатыны айтылды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Қазақстанның Ұлттық банкі 2025 жылғы 5 мамырдағы жағдай бойынша доллардың теңгеге қатысты бағамын – 516,16 теңге, Ресей рублінің бағамын – 6,25 теңге деп белгіледі.
Кейінгі бірнеше күнде доллар бағамы аздап нығайды. 2 мамырда жұма күнгі бағаммен салыстырғанда өсім +3,82 теңге. (512,34 теңгеден 516,16 теңгеге дейін).
Бұл ретте рубль бағамы аздап құлдырап, -0,06 теңге болды. (6,31 теңгеден 6,25 теңгеге дейін).
Дәл қазір Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 516,53 теңге, сату бағамы 518,81 теңге. Рубль 6,05 теңгеден сатып алынды, сату бағамы -6,18 теңге.
Астанадағы ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 513,54 теңге, сату – 519,50 теңге болды. Рубльді сатып алудың орташа бағамы -6,04 теңге, сату бағамы -6,19 теңге.
Фото:depositphotos.com