Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі ұзартылды

Сұқбат
Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі ұзартылды

Экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі 14 мамырға дейін ұзартылды.

"Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі 14 мамырға дейін ұзартылды. Оған үйінен таңғы 8-ден кешкі 19.00-ге дейін шығуға рұқсат етіледі", - деді судья.

Бұған дейін Біртановқа тек отбасы мүшелері және адвокатымен сөйлесуге рұқсат етілетін. Тіпті адвокат Дмитрий Куряченко Біртановқа шаштаразға баруға рұқсат сұраған өтінішін қанағаттандырмаған. Енді сот оған белгілі бір уақытқа сыртқа шығуға және өзге адамдармен сөйлесуге рұқсат етті.

25 маусым күні Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Елжан Біртановты қызметінен босатып, орнына Алексей ЦОЙДЫ тағайындаған болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8 шілде күнгі мәлімдемесінде коронавирустың өршуін денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығының жіберген қателіктерімен байланыстырып, сол қателіктерді тексеруге комиссия құруды тапсырған болатын.

2 тамызда  Біртановтың бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевтің «бюджет қаржысын жымқырды» деген күдікпен  ұсталғаны хабарланды. Ал 14 тамызда дәрі-дәрмек сатылымына жауап беретін «СК-Фармация» компаниясының экс-басшысы Берік Шәріп қамауға алынған. Ол төтенше жағдай кезінде медициналық бұйымдарды сатып алғанда қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

Ал 30 қазанда Елжан Біртанов ұсталды. Ол бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. БАҚ шенеунік бюджеттің 526 миллион теңгесін жымқырғаны туралы жазған болатын.

Оқи отырыңыздар: Елжан Біртановқа шашын алдыруға рұқсат бермеді

 

 

 

 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу