Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Құқық
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы келіні Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлім етті.

Агенттік Гүлмира Сатыбалды мен басқа да адамдарға қатысты кәсіпкерді заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі мөлшерде бопсалау және ауыр зардаптарға әкеп соққан өзін-өзі басқару күдігі бойынша тергеуді аяқтады, – делінген ақпаратта.

Қазір процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуды аяқтады.

Алматы қаласы тергеу сотының санкциясымен Сатыбалдыға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына жолданды.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Бұған дейін Гүлмира Сатыбалды қылмыстық кодекстің 28-бабы, 125-бабының 2-бөлігі 1 және 8 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі 4 мамырда шықты.

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу