freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ЮНЕСКО сарапшылары Арал өңірінің туристік әлеуетін бағалайды

Экология
ЮНЕСКО сарапшылары Арал өңірінің туристік әлеуетін бағалайды
Фото: видеодан скрин

Қызылорда облысының Арал ауданында жүзеге асырылып жатқан «Арал геопарк» жобасы өңірдің халықаралық экотуризм бағытындағы әлеуетін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Malim.kz.

Жоба аясында Арал теңізінің құрғаған табаны мен Қамыстыбас көлін халықаралық экотуризм нысандарының тізіміне енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы уақытта Қамыстыбас көліне Қазақстанның түрлі өңірлерімен қатар, шетелден келетін туристердің саны артып келеді. Мөлдір әрі минералды суымен танымал көл жазғы демалыс маусымында саяхатшылардың сұранысына ие орындардың біріне айналған. Келушілерге жергілікті кәсіпкерлер жағажай қызметтері мен белсенді демалыс түрлерін ұсынып, қолайлы туристік инфрақұрылым қалыптастыруда.

Арал ауданының әкімдігі туристік әлеуетті одан әрі дамыту мақсатында инвесторлар тартуды және Қамыстыбас көліне қолжетімділікті арттыру үшін әуежай салу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл жобалар өңірдің көлік-логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, туристер ағынын көбейтуге ықпал етеді.

Сонымен қатар, «Арал геопарк» жобасы халықаралық ұйымдардың назарын аударуда. Жуық арада ЮНЕСКО сарапшылары өңірге арнайы келіп, табиғи және геологиялық мұра нысандарын халықаралық экотуризм тізіміне енгізу мәселесін зерделейді.

Жобаның табысты іске асуы Арал өңірінің туристік тартымдылығын арттырып, жергілікті экономиканың дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және халықаралық деңгейде өңірдің беделін нығайтуға мүмкіндік береді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу