Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды

Экология
Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды

Ұлытау облысындағы Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігі Кеңгір су қоймасын республикалық меншікке қайтару жұмыстарын аяқтаған. Аталған су қоймасы бұған дейін «Қазақмыстың» еншілес компаниясы «Kazakhmys Distribution» ЖШС меншігінде еді.

Кеңгір – Ұлытау облысындағы ең ірі су қоймасы. Оның жалпы көлемі 319 млн текше метр. Былтыр су ресурстары және ирригациялар министрі Нұржан Нұржігітов Кеңгір су қоймасы аймақтағы судың негізгі көзі саналатынын, жергілікті тұрғындар судың сапасына, оның тиімсіз пайдаланылуына және экологиялық мәселелерге алаңдаушылық білдіріп отырғанын мәлім еткен еді. Нысандағы гидротехникалық құрылыстар апатты жағдайда тұр.

Фото ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу