Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Киік қырғандар құрықталуы тиіс

Сұқбат
Киік қырғандар құрықталуы тиіс

Қызылорда облысында кәнігі браконьерлер 54 киікті атып, мүйіздерін кесіп алған. Олар қаланың блокпостынан да айналып өткен.

11 сәуір күні түнгі сағат 00:10 «ОХОТЗООПРОМ» инспекторлары кезекті рейд кезінде Қызылорда облысындағы Досан ауылының тұсынан екі Тойота Ленд Крузер көлігін көреді. Олар қаладағы блокпостты айналып өткен.

Жүргізушілер инспекторларды байқап қалып, күріп алқабымен қашқан. Олардың ізіне түскен инспекторлар жедел ұстау жұмысына кіріседі. Қашып бара жатып, бір көлік аударылады, бірақ олар екінші көлікпен қашып үлгереді.

Тексеру кезінде көліктен 54 киіктің тушасы, 224 кесілген мүйіз, МР-153 маркалы аңшылық мылтық, 25 оқ, пышақ пен дүрбі табылған.

Қолға түскен көлік аңшылыққа арнап жабдықталған. Мемлекеттік нөмері де бұрын тіркеуден шығарылған. Бұл заңсыз аңшылықты кәсіпке айналдырған әккі браконьерлер ұайымдастырғаны белгілі.

Қызылорда облысының полиция департаменті жедел істестіру жұмысын бастап кетті. Бұл қылмыс Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 339 бабы бойынша тіркелді» деп жазды Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Дилдахмет.

Бұл өте ауыр қылмыс. Ең бірінші заңсыз аңшылық жасап отыр. Екіншіден елімізде 2023 жылға дейін киік атуға тыйым салынған. Тіпті, үшіншіден елдегі карантинге қарамай, блокпосты айналып өткен. Қылмыскерлер ұсталып, жазаларын алады деп ойлаймыз.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу