Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Көкшетау әкімдігі 2 млрд теңгеге заңсыз шарт жасаған

Сұқбат
Көкшетау әкімдігі 2 млрд теңгеге заңсыз шарт жасаған

 

Көкшетау қаласының прокуратурасы 2 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз жасалған шартты анықтады.

«Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізу барысында қала әкімдігі заңнама талаптарын бұза отырып, конкурс өткізбей, бір көзден құны 2,5 млрд теңге болатын көппәтерлі тұрғын үйді салуға шарт жасағаны анықталды. Прокуратура актісі негізінде 13.02.2024 ж. сот шартты жарамсыз деп таныды», - делінген хабарламада.

Қаражат басқа да әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталып, кінәлі тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.

Фото: ашық дереккөзден алынды

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу