Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кредиті кешірілген азаматтар қайтадан қарызға батып жатыр

Сұқбат
Кредиті кешірілген азаматтар қайтадан қарызға батып жатыр

2019 жылы кредиттік амнистияға іліккен азаматтар қайтадан қарызға батып жатыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты.

«2019 жылы кредиттік амнистияға қатысқан заемщілерге қатысты ахуалға сараптама жасадық. Өкінішке қарай, олар қайтадан қарызға батып отыр. Тіпті кейбірінде проблемалы кредит те бар. Сондықтан да бұл ең алдымен азаматтардың төлем қабілетін дұрыс бағалау мәселесіне қатысты», - деді Мәдина Әбілқасымова.

Сонымен қатар агенттік төрағасы алдағы уақытта қаржылық ұйымдар алдында қарызға батқан азаматтарға тағы да кредиттік амнистия берілмейтінін баса айтты, деп жазды inform.kz.

Қазақстанда 2019 жылы мұндай іс-шара қолданылды. Халықтың аз қамтылған санаттарының қарыздары кешіріліп, 500 мыңнан астам азаматтың шамамен 115 млрд теңге қарызы есептен шығарылды. Сонымен қатар 1,2 млн азаматтың шамамен 33,6 млрд теңге сомасындағы айыппұлдары мен өсімпұлы өтелді.

 

 

Фото: pexels

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу