5 сәуірден бері 1500 мопед айыптұраққа қойылды

Арман Қайыпхан

  • 21.05.2025

5 сәуірден бері Алматыда жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 1500 мопед айыптұраққа қойылды, деп хабарлайды Malim.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы мопед жүргізушілерінің 4000-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.

«Біз “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі аясында жүйелі профилактикалық жұмыстарды жалғастырып жатырмыз. Негізгі назар мопед жүргізушілеріне аударылған, себебі олар көбіне қарапайым жол ережелерін елемейді. Бұзушылықтар патруль кезінде, стационарлық бекеттерде және бейнебақылау көмегімен тіркеледі», – деді басқарма басшысы Серік Шұмаев.

Айыптұраққа қойылған мопедтердің көбісі жүргізуші куәлігі мен мемлекеттік нөмірсіз басқарылған, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын бұзған.

Фото: ІІМ

Байланысты жаналықтар

Елімізде 2 мыңға жуық көлік заңсыз тіркелген

22.05.2025

“Пранк” жасайтындар енді қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін 

21.05.2025

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

ІІМ самокат мінушілерге қатаң шектеу енгізуді ұсынды

16.05.2025

Шерзат соты: Тағы бір сотталушы айыптау актісімен келіспеді

16.05.2025

Оқушылардың астан улануы: Ата-аналар сот үкіміне наразы

16.05.2025
MalimBlocks
Елімізде 2 мыңға жуық көлік заңсыз тіркелген

“Пранк” жасайтындар енді қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін 

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

ІІМ самокат мінушілерге қатаң шектеу енгізуді ұсынды

Шерзат соты: Тағы бір сотталушы айыптау актісімен келіспеді

Оқушылардың астан улануы: Ата-аналар сот үкіміне наразы

Кәсіпкер 22 ата-анаға 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейінгі көлемде материалдық шығынды өтеуге міндеттелді