457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Заңсыз полигондарды жоя алмаған 10-нан астам шенеунік жазаланды

Заңсыз полигондарды жою жұмыстарын үйлестіре алмаған 10-нан астам қала мен аудан әкімінің орынбасары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Қожықов айтты.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі заңсыз полигондардың пайда болуының алдын алу, анықтау және жоюды бақылау бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді. Соңғы жылдары анықталған заңсыз полигондар санын азайтудың оң үрдісін байқап отырмыз. Егер 2020 жылы жою деңгейі 66 пайыз ғана болатын 8 884 полигон анықталса, 2024 жылы олардың саны 4 886-ға дейін азайып, оның 93 пайызы жойылды. Биыл ғарыштық мониторинг деректері бойынша 2 707 полигон тіркелді. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай аз. Бірақ оларды жоюда проблема бар. Бүгінгі күні анықталғандардың 672 нысаны немесе 24 пайызы ғана жойылды, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Комитет басшысының дерегінше, Абай, Жетісу, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында заңсыз полигондарды жою көрсеткіші төмен. Алматы, Қызылорда, Павлодар және Қостанай облыстарында заңсыз қоқыс алаңдарын жою жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіледі.

Қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптарды бұзғаны, заңсыз полигондарды жою бойынша жеткіліксіз жұмысы үшін 87 лауазымды тұлға, оның ішінде 10-нан астам аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары жалпы сомасы 12,4 млн теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Ерболат Қожықов.

Фото: freepik.com