457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Адам саудасына қатысты 160-қа жуық күдікті ұсталды

Адам саудасына қарсы бағытталған ауқымды халықаралық операция нәтижесінде кемінде 158 күдікті ұсталды, деп хабарлайды ТАСС.


Интерполдың баспасөз хабарламасында көрсетілгендей, тергеу барысында қылмыстық әрекетке қатысы бар деген күдікпен тағы 205 адамның тұлғасы анықталған.

Операцияға 43 елден 15 мыңға жуық құқық қорғау органдарының қызметкері қатысты. Олардың қатарында полиция, шекарашылар, еңбек инспекторлары, сондай-ақ салық және кеден қызметінің мамандары бар, — делінген Интерпол мәлімдемесінде.

Онда «Ғаламдық шынжыр» деп аталған операция 2025 жылғы 1-6 маусым аралығында Аустрия мен Румынияның құқық қорғау органдарының жетекшілігімен өткендігі айтылады. Операцияны үйлестіру және қолдау жұмыстарын Интерпол, Еуропол және Еуропаның шекара мен жағалау күзеті агенттігі (Frontex) жүргізген.

Тергеушілердің хабарлауынша, операция барысында 64 елдің азаматы болған 1194 құрбан анықталған. Олардың көпшілігі Румыния, Украина, Колумбия және Қытай азаматтары. Сонымен қатар операция кезінде 278 мың еуроға жуық қолма-қол ақша, жалған құжаттар, есірткі заттары мен атыс қарулары тәркіленген.

Фото: pixabay.com